ТЖ комиссиясының кезекті отырысы өтті
Облыстық әкімдікте төтенше жағдайларды алдын алу және оларды жою бойынша қыс мезгілі келуіне байланысты облыстық комиссия отырысы жүргізілді. Отырыс облыс әкімінің бірінші орынбасары, Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия төрағасының орынбасары Ғ.Нұрмахамбетовтың төрағалығымен жүргізілді. Өңірдің жылыту маусымына дайындығы туралы және қыс кезеңінде орын алуы мүмкін кез келген апатқа төтеп бере аларлық инженерлік техникалардың дайындығы және қыстағы көлік жолдары туралы мәселелер күн тәрітбіне қойылды.
Отырыста төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша облыстық комиссия мүшелері, «Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ, «Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай облысының Ішкі істер департаменті» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ, «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар транспорты және автокөлік жолдары басқармасы» ММ, «КазАвтоЖол» ҰҚ АҚ қатысты. Сондай-ақ, аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары, ТКШ, ЖТ және АЖ, қамтамасыз ету, тұрғын инспекция бөлімдерінің басшылары, газ шаруашылығы мен коммуналдық кәсіпорындардың директорлары да осы жиында болды.
Хаттама шешімі шығарылып, қалалар мен аудандар әкімдіктеріне, мекемелер мен кәсіпорындардың және ұйым басшыларына жолданып, оның уақытылы орындалуы әрқайсысына міндеттелді.
О.Карпова,
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің
бас маманы