Қарабатыр үздік екенін тағы дәлелдеді

Жәкең салған із жалғаса бермек
IMG_5821Қазіргі Қарабатыр ауылының Қарабатыр болып тұрғаны – оның азаматтарының іскерлігі мен табандылығының арқасы. Тоқсаныншы жылдардың басындағы нарықтың өкпеден қысқан заманында Жәзит Құдайқұлдың соңынан ерген ел қандай қиындық көрсе де мойыған жоқ. Бүгін сол Жәкең тамырын тереңге жайған бәйтерек іспетті – республиканың алдында міне дейтұғын ертегі-қалаға бергісіз ауылдың іргесін бекітті. Әттең дегізетіні, бір жылдың алдында ел батыр ұлынан айырылып, қайғырып қалып еді. Десе де, «орнында бар – оңалар» демей ме, бүгінгі қарабатырлық ағайынның еңсесі көтеріңкі – Жәкеңнің ізін жалғап, халықты жұмылған жұдырықтай болуға аянбай келе жатқан Марат Жәзитұлы Құдайқұловтың игі ісіне куә болып келдік.IMG_6087
Сәрсенбі күні Қарабатыр жұртшылығы ауыл шаруашылығы күнін атап өтіп, серіктестіктің табысы үшін еңбегін аямай үлес қосқан жұмысшы қауым сый-сияпатсыз қалмады. Әрине, алты ай қыстағы техниканың қамы, көктемгі егістік пен жаз бойғы алтын астықты сақтап қалуға күш салу, күзгі орақ және дәнді жауын-шашынға қалдырмай қойма-элеваторларға сақтаудың жемісі – осы бір мереке емес пе.
IMG_6127«Қарабатыр» Агрофирмасы» ЖШС көпшілік залында өткен салтанатты жиынға ауыл шаруашылығы үздіктері, аудан басшылығы, ардагер ақсақалдар, облыстан арнайы шақырылған тілшілер қатысты. Серіктестіктің негізін қалаған Жәзит Кәрімұлының есімі ардақталып, барша қауым марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алғанын айта кету керек. Ал мерекелік дастархан басында құттықтаулар айтылып, биылғы жылды табысты аяқтауға бар үлесін қосқан агрофирманың қызметкерлері, диқандары мен малшылары, басқа да саладағы азаматтардың еңбегі еленіп, барлығына ақшалай және заттай бағалы сыйлықтар табысталып жатты. Ауылдағы тойға Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары ән-жыр, билерін шашу IMG_6138қылып ала барыпты.
Жаздық егіс 28,3 мың га құрады. Майлы дақыл мен мал азығы да назардан қалған жоқ. Үстіміздегі жылы аудан бойынша астықтың орташа айналымы әр гектардан 7,6 центнерді құраса, «Қарабатыр» Агрофирмасы» ЖШС 8,1 центнерден алды. Серіктестіктегі орташа айлық жалақы 63,6 мың теңгені құрайтынын айта кеткен жөн. Ал облысымызда бұл көрсеткіш – 61,9 мың теңге.
IMG_6235Ауыл шаруашылығы күні жасы бар, жасамысы бар ұзын саны 180 қарабатырлық азамат марапатталды. Үстіміздегі жылы Қарабатыр елі мерекені аудан бойынша алғаш болып атап өтіп отыр. Бұл да тиянақтылықтың жемісі. Алғаш болып сөз алған «Қарабатыр» Агрофирмасы» ЖШС директоры Марат Құдайқұлов биылғы астық ору науқанында «бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып», алтын дәннің шашауын шығармай жинап алған ұжымға алғысын айтты:IMG_6290
– Ауылымызда жыл сайын ауыл шаруашылығы күнін мерекелеу дәстүрге айналған еді. Алайда өткен жылы біз осындай салтанатты жиын құра алмадық. Оның себебін білесіздер – ұжымның кірпішінен бастап қалаған Жәзит Құдайқұл арамызда жоқ. Дегенмен, тәжірибелі басшының айналасында еңбек еткен сіздер барсыздар. Биыл еліміз бойынша күзгі орақ науқаны ауа-райының қолайсыздығына байланысты оңайға соқпады. Соған қарамастан, біздің серіктестік нанымызды уақытында жинап үлгердік. Сол үшін барлықтарыңыздың еңбектеріңізді зор бағалаймын. Астық сақтауға жіберілді, қысқы мал азығы дайын, енді тек келер жылдың көктемгі егіс науқанына әзірлігіміз бар. Оны да баршамыз болып атқарамыз деп сенемін. Ал алдағы жылдары тек мол дән жинайтын күндерге жетуге тілектеспін.
 
Қыдырбек Қиысханұлы
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓