«Адам өлтірдім» деп…
Жітіқара ауданының 1982 жылы туылған тұрғыны қалжыңдаудың қисық жолын таңдаған. Ағымдағы жылдың 15 қазанында азамат Б. алкогольден мастық күйінде аудандық ішкі істер бөліміне телефон шалып, екі адамды өлтіргенін хабарлаған.

Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданы ІІБ Б-ға шығынды өндіру туралы талап арызы толық қанағаттандырылып, мемлекет пайдағына жауапкерден 6520 теңге өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.