Жаңа ауыз су желісі іске қосылды

Қарабалық ауданының орталығында су құбыры желісі жаңартылып, кәріз суларын тазартудың жаңа жүйесі іске қосылды.
18Қуаты сағатына 72 текше метр суды айнадай тазартып, үй-үйге 19жеткізетін жобаның жүзеге асырылуына республикалық және облыстық бюджеттен 1,3 млрд теңге жұмсалып отыр. Қаржының басым бөлігі жалпы ұзындығы 64 шақырымды құрайтын жаңа құбыр жүргізуге жұмсалған.21 Қарағандылық мердігер «Энергия» ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, мұндағы су түрлі сүзгілерден өтіп, арнайы бактериялар арқылы тазартылады. Санитар мамандар ауыз суды екі рет тексеріп, сапасы жоғары екендігін мойындаған. Айта кетерлігі, 30 адамды жұмыспен қамтып отырған жаңа су құбыры желісіне бүгінде 400 адам қосылған. Сондай-ақ, тұрғындардың  қалдық суы да бұдан былай септиктерде жиналмай, арнайы жүйе арқылы тазартылып отырады.
 
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓