“Нұрлы жол” – еліміздің жаңа бағыты
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған мәжіліс өтті.

Бұл ретте жарияланған жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін дайындық жұмыстарына баса мән берген жөн: ол үшін 3 жылдық бюджетке өзгеріс енгізіп, оларды Парламент арқылы өткізіп, арнайы бағдарлама дайындап, Үкіметтің тиісті қаулыларын шығару қажет. Мінеки, сол үшін де "Мен дайындық жұмысына 50 күн уақыт беремін. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс басталып кету керек", – деп Елбасы өзінің түсініктемесін берді. Ірі саяси тұлғаның халықтың кемел болашағы үшін жасаған батыл қадамдарының бірі екендігі осы мәжілісте кеңінен насихатталды.
Қ.Базарбаев өз сөзінде төтенше жағдайлар органдарының әрекетіне кіретін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әкімшілік тосқауылдардың азаюына қатысты мәселелерді де атап өтті. Елбасының Жолдауын іске асыру мақсатында Екатеринбург-Алматы автожолына қарасты 612 шақырымдағы Қостанай-Сарыкөл тас жолында осы жылдың 1 желтоқсанынан бастап медициналық-құтқару бекеті жұмыс істейді.
Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.