Ардагерлер қолдау жасады

Бұл алқалы жиынға "Нұр Отан" партиясы Жанкелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов, аудандағы белсенді ақсақалдар, мемлекеттік сала қызметкерлері және жастар қатысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов Жолдаудағы жеті басым бағытқа терең түсінік берді. Сондай-ақ, сөз алған "Нұр Отан" партиясы Жанкелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рауыл Ахметжанов, еңбек ардагерлері Жұмақан Садуақасов, Тыныштық Әбжамалов, Жылқыбай Бакіровтар бұл Жолдаудың ерекшеліктерін айтып, бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ.
Жанкелдин ауданы.