Болашақ бүгіннен басталады

Талапова ГульнарБиылғы Елбасының "Нұрлы жол" атты Жолдауын тарихи мәні бар құжат деп есептеймін. Президент жеті бағыт бойынша әлеуметтік, көліктік-логистикалық, индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыстарды  жалғастыру қажеттілігін нақты атап өтті. Аталған салаларды дамытуға бөлінетін қаражат көлемі де айтылды. Әсіресе, "…алдағы үш жылда бірінші кезекте апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проблемаларын шешуге қосымша 70 миллиард теңге, мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін қосымша 20 миллиард теңге, мемлекет әлеуметтік арендалық баспана салуға  алдағы 2015-2016 жылдары 180 миллиард теңге бағыттауды тапсырамын және оны халыққа сатып алу құқығымен ұзақ мерзімге жалға беретін болады", – деді. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға, азаматтардың алаңсыз еңбек етуіне жасалған қамқорлық деп айтуға болады.  
"Халық жетім болмайды, басшы болса данасы",  – деп Сырым Датұлы бабамыз айтқандай, елінің болашағын ертеден ойлаған кемеңгер Елбасының жүргізіп отырған көреген саясатының арқасында тәуелсіз елімізді 22 жылдың ішінде күллі әлем таныды. Келер жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Ата заңымыздың қабылданғанына, Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толуын атап өткелі отырмыз. Келешекке бағдар берер "Нұрлы жол" атты тарихи Жолдауды еңбектеген бала, жігерлі жастарымыз, білімді аға буын өкілдері, дана қария-ларымыз болып бірге жұмыла іске асыруға тиіспіз. Облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары да өз жұмыстарының бағытында Елбасы Жолдауын басшылыққа алатын болады.
Гүлнар ТАЛАПОВА,
тілдерді оқытудың облыстық орталығы директорының орынбасары.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓