Жаңаша жазылған туынды

Романның тұла бойы тұнып тұрған жаңалық. Ақ пен қара ғана емес, құлпыдай құлпырып, жанарыңды суырған алуан түсті бояумен, сан суреткерлік тәсілдермен бірімен бірі шебер жымдасқан лирика мен трагедия да, аңыз бен миф те, өлеңмен өрілген теңіздей терең философия да, қаймағы бұзылмаған қарасөзбен тебірене төгілген сымбаты бөлек сұлу сыр да бар мұнда.
Баспадан шыға салып оқырман қауымның ыстық ықыласы мен әдебиет білгірлерінің биік бағасын иеленіп үлгірген "Қасқыр ұлыған түн" – сұңғыла суреткер Сәбит Досановтың ғана емес, бүгінде әлемдік биікке көтерілген қазақ прозасының да аса ірі көркемдік табысы.
Өзгелерге ұқсамайтын өзгеше романды оқуға асыңыз, қадірлі оқырман. Өкінбейсіз.
Роман жайлы пікірлеріңізді "Арда" баспасына жолдауларыңызды өтінеміз. Мекенжайы: Алматы, Қабанбай батыр, 47.