Меморандумға қол қойды
Қостанай облыстық кәсіпкерлер Палатасы өңірлік кеңесінің кезекті отырысы болды. Оған облыс әкімі Н.Садуақасов қатысты. Басқосуда кәсіпкерлер Палатасы мен өңірлік кеңес қызметінің кейбір түйткілді мәселелері сөз болып, үстіміздегі жылы атқарылған істерге қорытынды жасалды. Облыстық кәсіпкерлер Палатасының директоры Мұрат Әбенов әлеуеті зор мекеме көптеген бизнес өкілдерінің проблемаларын шешуге, аймақта кәсіпкерлікті дамытуға айрықша үлес қосып келеді.
Өз кезегінде Қостанай облыстық кәсіпкерлер Палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Василий Розинов бизнесмендердің кез келген мәселелерін мемлекеттік органдармен бірлесіп,тиімді түрде шешудегі Палатаның рөлін атап өтті.
Мәжіліс соңында облыс әкімдігі мен кәсіпкерлер Палатасы арасында өзара қарым-қатынастық пен ыпалдастық туралы Меморандумға қол қойылды.
-Бұл құжат кәсіпкерлер мен билік арасындағы дәнекер,-деп атап өтті облыс басшысы,- Облыс әкімдігі өңірдегі бизнес өкілдерін қолдауда барынша жәрдемдесе береді. Мұның біз үшін маңызы зор.
Айбек Кәдірұлы