Тәуелсіздікке тарту
Қостанайлық қолөнер шеберлері, ағайынды Аңқауовтар Тәуелсіздік күні ұлттық мейрамына орай Астанада көрме өткізбек.

-Басқа түскен қиындыққа қарамастан қоғамға пайда әкелу үшін тырысып жатырмыз. Біздің мақсатымыз- қазақтың қолөнерін дамыту. Ата-бабадан мұраға қалған төл өнерге жаңа тыныс берсек дейміз,-деді суретші-дизайнер Арлан Аңқауов.
Қолөнер шеберлерінің көрмесі 11 желтоқсан күні Елордадағы Бейбітшілік пен Келісім сарайында ашылады.
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай