Ел ертеңі сараланған құжат

А НАйзабековНұрсұлтан Назарбаев әдеттегідей тек әлемдік деңгейдегі саяси тұлға ғана емес, жаһандағы жағдайды тап басып танитын қырымен танылды. Әлеуметтің әл-ауқатын, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыруды көздейтін "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты мәні терең мәлімдемесінде Елбасы Ұлттық қорды пайдалануды және оны ел экономикасының қандай саласына жұмсауды нақты көрсетіп берді. Атап айтсақ, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға баса мән беріп, EXPO-2017  қарсаңында  Астананың  көліктік инфрақұрылымын жаңғырту мәселесін төтесінен қойды.
Сондай-ақ, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту мәселесіне тоқталған Елбасы жалдамалы баспана құрылысы тұрғысындағы қадамдарды қайта қарастыру қажеттігін ескертті. Елбасы жаңа бағдарлама бойынша баспана еш делдалсыз, барынша төмен, яғни 1-2 пайызбен халыққа берілуі тиіс деді. Бағдарлама аясында тұрғын үйді сатып алу құны төмендетіліп, бастапқы жарнаға тыйым салынуы мыңдаған қазақстандықтың қуанышына айналатыны сөзсіз. Осы орайда Ел Президенті жалдамалы баспана құрылысына 2015-2016 жылдары қосымша 180 млрд. теңге бөлінетіндігін жеткізді.
Еліміздегі индустриялық-инновациялық жобаларды табысты жүзеге асыру, ең алдымен, еңбек нарығында  бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қажет ететіні анық. Осыны ескерген Елбасы 10 жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын қалыптастыруға 2017 жылға дейін 10 млрд. теңге қаржы бөлуді Үкіметке жүктеді. Мұндай қамқорлық, білім-ғылым саласына деген Президентіміздің ерекше назары, Рудный индустриялық институты ұжымының қызметіне жаңа серпіліс беріп, жаңа белестерді алуға ұмтылдырады деп ойлаймын.                      
Елбасының биылғы кезекті Жолдауын барша тұрғындарға жеткізуінің мәні мен маңызы да ерекше. Қазақстан атты ортақ Отанымызда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілі осыны терең түсініп, Елбасы алға қойған асыл міндеттер мен мұраттарды жүзеге асыруға бір адамдай атсалысуы тиіс. Нұрлы жол – болашағымыздың жарқын да салауатты болуы бағытындағы батыл қадам, еліміздің ертеңі сараланған құжат. Сондықтан елінің, сондай-ақ барша тұрғындардың қамын ойлап, осы бағытта ұлан-ғайыр міндеттерді жүктеп отырған Елбасының Жолдауын толығымен қолдаймын. Туған Отанымыз – Тәуелсіз Қазақ елі қарышты қадаммен дамып, өркендей берсін дегім келеді
Әбдірахман НАЙЗАБЕКОВ,
Рудный индустриялық институтының ректоры, профессор.
 
"Нұрлы жолда" нұрлы қадамдар жасайық!
Бүгінгі күні халықты елең еткізіп, рухын көтерген Жолдаудың тақырыбы – "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол".
Жолдаудағы басты бағыттар Қазақстанды нұрлы жолға жетелейді деп сенеміз. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Осыған  орай, бүкіл әлем жаңа белестерді бағындыру жолында күрделі бетбұрыстар жасайтыны күмәнсіз. Олай болса, Елбасы дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын ұстана отырып, жаңа Жолдауды ұсынды.
Жолдауда негізгі ерекшеліктер көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамыту. Сонымен бірге, жүргізілетін құрылыс жұмыстарының көлемі мен саны да біршама болып отыр. Бұл мәселелердің әрқайсысына жеке тоқталып, мәселенің көтеріліп отырған себебін, тиімділігін, бүгінгі кемшіліктерді жою және жоспарлы жұмыстарды орындау арқылы жететін жетістіктеріміз қарастырылған.
Жолдауда білім беру ісі де шетте қалған жоқ. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінде бірінші кезекте – апатты мектептер мен үш ауысымды оқыту проблемаларын ше-шу. Осыған байланысты Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бағыттауды тапсырды. Балалар бақшасының жетіспеушілігі бас-ты мәселе екендігін де баса айтты. Мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын түбегейлі қысқарту үшін 3 жыл бойы қосымша 20 миллиард теңге бағыттауды тапсырып, әкімдер жеке секторды тарта отырып, бұл жұмыспен барынша айналысуы тиіс екендігін міндеттеді.
Жолдауда 2015 жылы елде болатын елеулі оқиғалар – Қа-зақ  хандығына  550  жыл, Ұлттық Ассамблея мен Конституцияның 20 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойлары да аталып өтілді. Елбасының елдегі тұрақтылықты сақтап, тәуел-сіздіктің  25  жылдығы  мен   EXPO-2017  көрмесін табысты өткізуге деген мақсаты орындалып, елге арнап жасап жатқан  саяси  жолы  сәтті  болғай. Мемлекеттегі тұрақтылық ыдырамай, жаңа жеңіс-терге жете берейік. Мемлекеттің басты байлығы – халық десек, сол халықтың тұрмысы тұрақты болғай!
                                                                        Арайлым АЙБЕКҚЫЗЫ,
Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі.
 Жанкелдин ауданы.
 
Болашақтың бастауы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі 3 бағытқа тоқталғым келеді. Бірінші – білім мәселесі. Бүгінде дамыған елдердің барлығы осы білім саласына ұдайы инвестиция құйып келеді. Елбасының білім саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және еліміздің беделді 10 ЖОО әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын мәлім ету біздің дамыған ел болуға бағыт алғанымызды көрсетеді.
Екінші – ұлтаралық достық. Еліміздің бүгінгі әлемге үлгі болар тұсы бұл – ұлттар арасындағы татулық. Менің ойымша, достық пен келісім болмаған жерде ешқандайда даму болмақ емес.
Үшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард теңге қаражат бөлінетінін жеткізді. Өзімізге белгілі, бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың, еліміздегі жалпы жас отбасылардың 80 пайызында жеке пәтер жоқтығын ескерсек, Елбасы, Н.Ә.Назарбаев жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселесін дөп басып айтқан.
Біздің басты құндылығымыз – төл тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз, дәстүрлі дініміз. Қазақ – ұдайы биікке самғатар асыл мұратқа ұмтылған, бар бақытқа жеткізер еңбектің қадірін білген ұлы халық. Бірлігі мен татулығы бекем, экономикалық өркендеуі алға арындаған еліміздің жастары Елбасы жүктеген сенімді ақтауға атсалысады, сөйтіп, мақсатымызға жетуге үлесін қоса береріне толық сенемін.
Альбина ӘУБӘКІРОВА, 
"Торғай мұражайлар кешені" КММ-нің ғылыми қызметкері.
Жанкелдин ауданы.
 
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Тәуелсіз еліміздің көшбасшысы Н.Назарбаевттың жыл сайынғы дүйім халыққа арнайтын Жолдауына бей-жай қарамай басылым беттерінен мұқият оқып шығу,ой елегінен өткізу әдетіме айналды. Биылғы жылғы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" тақырыбындағы кезекті Жолдау алдағы жарқын күндерге мақсаттарымызды айқындап, бағыт-бағдарымызды анықтап беретіні сөзсіз. Жолдауда егемен еліміздің маңызы зор бірқатар мәселелері алға қойылып, оларды шынайы жоспар арқылы орындаудың тиімді механизмдері ұсынылған.
Еліміздің  тегеуріні  мықты  мемлекеттермен терезесі тең болып, дамудың даңғыл жолында даралануы тек халықтың бірлігіне негізделеді. Бірлік – адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, тыныштықты қалайтын ел болудың белгісі. Қазақстан – достық пен ынтымақтың Отаны. Бүгінде шамамен елімізде 130-дан астам түрлі өзге ұлт өкілдері тату-тәтті бірлікте және жарасымды тіршілік етуде. Бұл – Елбасының осы бағыттағы салмақты саясаты мен ұстанымының негізі. Сонымен қатар кемеңгер Елбасы өз Жолдауында "Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз", – деген сөзінен бірлігі мықты ел қашанда қатарластарынан оқ бойы озық тұратынын айқын аңғартады. Халқымыздың "Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады" деген мақалдың астары да осы мәселеге саяды. Халқымыздың бірлігі елдің басты құндылығы болып табылады. "Бірлік бар жерде тірлік бар" демекші, түні тыныш елдің өмірі де бейбіт болмақ. "Бес саусақ біріксе ғана жұмылған жұдырыққа айналады" дегендей, Елбасының үлкен сенімділікпен жариялаған Жолдауын орындау жолында "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" жұдырықтай жұмылуымыз қажет.
И. ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің психология пәнінің оқытушысы.
 
Жастарға қамқорлық
Өткен бейсенбі күні "Жалын" жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылады.
Белсенді жастар Мемлекет басшысының Жолдауда атап көрсеткен басым бағыттарына тоқталып,  ел болашағының жастарға тікелей байланысты екеніне мән берді. "Жолдаудағы басым бағыттарды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыру керек. Біз теріс үрдістердің алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды жедел қабылдауға тиіспіз", – деген Елбасы сөзін басшылыққа ала отырып, уақыт жоғалтпай, 2015 жылға арналған Жолдауды жүзеге асыру барысын осы жылдың соңына дейін айқындап алу керектігін тілге тиек етті.
Бүгінгі таңда Әлемді шарлаған, мемлекеттер арасындағы, ел тыныштығын бұзған ел ішіндегі келеңсіз қақтығыстардың салдарын көріп отырмыз. Осы тұрғыда әр Елдің ең басты бағдары – ел тыныштығы.
Елбасының саралы саясатының нәтижесінде елімізде, ата-бабамыздың арманы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнады. Ендігі таңда сенімді түрде болашаққа бағыт-бағдар жүргізу қоғамның басты талаптарының бірі. Осы мүддеге орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл жаңалап Елдің жаңа даму бағдарын жасап келеді. Әлемдік деңгейдегі сарапшылардың  қызығушылығын  оятқан "Қазақстан – 2050" бағдарламасы  Қазақстан халқына болшаққа деген сенімділікті ұялатты.
Қазақстанның жастары жыл сайынғы Жолдауды асыға күтеді. Өйткені әр кезде Елбасымыз Жолдауында жастарды тыс қалдырмайды. "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауында  Елбасы жастарға арналған қолжетімді баспана үшін  барлық жағдайды өз тарапынан жасады. Қуанышымызға орай Елбасымыздың осы жолғы Жолдауында көрсетілген жаңа тапсырмалары, банктердің пайыздарын ең төменгі деңгейге түсіре отыра, алдын  ала  салымды  қажет етпейтін қолжетімді баспана бағдарламасын жасау тапсырылды. Бұл жастар үшін ең маңыздысы.
Сонымен қатар Елбасымыз жұмыссыздықты жою арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту да Жолдауда көрініс тапқан. Әлеуметтік жағдайы жақсы халықтың рухани өсуіне, қоғам интеллектісінің дамуына мүмкіндік мол. Жолдау  тек қана экономикалық мәселелерді көрсетпейді, сонымен бірге  қоғам дамуының барлық саласын қамтыған тарихи маңызы бар құжат болып табылады.  
Қысқасы ауданымыздың белсенді жастары өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, білім көкжиектерін байқатып, Жолдауға қолдау танытты. 
Гүлсезім РАЙСОВА,
"Жалын" жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
Жанкелдин ауданы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓