Әмбебап полицейлер іс үстінде

Жеделдік, кәсібилік және жауапкершілік. Әмбебап полицейлердің жұмысы осы үш принципке негізделген. Бір экипажда жол және патруль полициясы қызметтерін біріктірген жаңа жоба өзінің тиімділігін көрсетіп берді. Бұл туралы облыстың ішкі істер департаментінде өткен интернет конференцияда сөз болды.
жол полЖаңа құрылымның жұмыс істегеніне бір жыл болып қалды. Осы мерзім ішінде көшелер мен қоғамдық орындардағы қылмыс-тардың саны 10,5%-ға азайды. Жол-көлік оқиғаларының саны 2,1%-ға кеміді. Жасөспірімдер қылмыстылығы да бұрынғыдан аз тіркелуде.
Әмбебап полицейлер қалада патруль учаскесі принципі бойынша жұмыс істейді. Ауысым 12 сағатқа созылады. Осы уақыттың ішінде әмбебап полицейлер әкімшілік құқық бұзушылықтарды  ғана анықтап қоймай, қылмыстарды ізін суытпай ашуға да баса назар аударады. Мысалы, жыл басынан бері 22 200 қылмыс тіркелсе, оның 16809-ы ізі, яғни 76%-ы,  жедел ашылды. Жыл басынан  бері  әмбебап полицейлердің қатысуымен қылмыстардың  55,7%-ы,  атап   айтқанда 17 кісі өлтіру, 16 қарақшылық, 145 ұрлық,  181 бұзақылық, 57 көлік айдап кету, басқа да қылмыс түрлері ашылды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар өткен жылмен салыстырғанда 11,3 %-ға көп анықталды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓