Жаны саудың – тәні сау
Жақында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте аудандық аурухана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәдени-көпшілік іс-шара өтті. Оған аудан орталығындағы үш мектептің жоғарғы сынып оқушылары шақырылды.

Шара барысында ақ желеңділердің дайындаған анкеталық сұрақтары толтырылып, дайындаған көріністері мен концерттік бағдарламалары қойылды. Өз дәрежесінде өткен бұл жиынның оқушылар қауымына берген пайдалы кеңестері көп болды.
Айтпақшы, белсенділік танытқан көрермендерге бір курс массажға баруға сертификат беріліп, дәрумендер таратылды.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ.
Жанкелдин ауданы.