Қол күресшілер күш сынасты

Барвинде ауыл спортын дамыту мақсатында ерлер арасында қол күрестен тұңғыш рет ашық турнир өтті. Оған облыс және аудан бойынша 60-тан астам спортшы қатысты.  
 
Жарыстың жүлдегерлеріЖалпы, Қостанай облысы бойынша Сарыкөл ауданының қол күресшілері үздік деп саналады. Яғни, үш жыл бойы біздің құрама барлық облыстық жарыстардан тек қана бірінші орындарды бағындырған. Осы орайда, ҚР қола жүлдегері, спорт шебері С.Ахмедов, спорт шеберіне кандидаттар С.Петрик, Р. Хусаинов және Н.Мищенков сынды  атақты спортшылардың есімдері көш бастап тұр.   
Айталық, аудан атырабында, яғни, Барвин төрінде өткен жарыста жалпыкомандалық есепте үшінші орынды Қарабалық ауданы, екінші орынды Алтынсарин құрамасы, ал жүлделі бірінші орынды жерлестеріміз жеңіп алды.  Ал, біздің команданың ішінде жеңімпаз Барвин ауылының спортшылары болса, аудандық колледж екінші тұғырға тұрақтап, Сарыкөл кентінің қол күресшілері үштіктен көрінді. 
«Бәрін айт та, бірін айт» – демекші, ең жоғары салмақтағы жеңімпаз болып ҚР жеңімпазы, спорт шебері, әлемдік жарыстарға қатысушы рудныйлық А.Степанчук танылды.
  
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓