Оқушыларға кітап сыйлады

IMG_9947Таяуда ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қостанай облыстық "Нұр Отан" партиясы филиалында жастарды кітап оқуға насихаттаған игі шара өткізілді.
Мәжіліске шақырылған құрметті қонақтар "Дарын" және "Озат" мектебінің болашағынан үміт күттіретін оқушыларына кітаптар сыйлап, жастарды білімге, көркем әдебиет оқуға үндеді. Сондай-ақ, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы әңгіме айтылып, әлем таныған тұлғаның өмірі мен қоғам қайраткерлігіне тоқталды
– Бұл айтулы күн. Себебі, 1991 жылы алғаш Тәуелсіздік алған шақта еліміздің президенті сайланып, әлем халқы Қазақстан сияқты жас мемлекетті таныды,– деп сөз бастады Қостанай облыс-тық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының орынбасары Сералы Ахметов. – Біз – Қазақстан халқы осынау күнді жалпыхалықтық мереке деп қабылдап, атап өтудеміз. Келешектің кілті – жастарға Елбасының ерен ерлігін, оның қоғам қайраткерлігі мен отансүйгіштік қасиеттерін түсіндіріп келеміз,– деді.
Басқосуға Қостанай қаласының құрметті азаматы Бекқұл Садықов, "Наш Костанай" газеті бас редакторының орынбасары Оразалы Жақсанов, Қостанай облыстық драма театрының актері Вячеслав Колпаков және тағы басқалары шақырылып, олар жас ұрпаққа еліміздің ынтымақта ғұмыр кешіп, халықты бейбітшілік пен келісімге  ұйытуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасы екендігін жеткізді.
Осы мереке қарсаңында партияның өңіріміздегі филиалдарында 157 адамға жаңа үлгідегі партия билеті тапсырылды.
Нұрболат
        МЕШІТБАЕВ
СУРЕТТЕ: мәжілістен көрініс.
Суретті түсірген
Бағдат Ахметбеков.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓