«ҚАЗТЕСТ» – отандық жүйе

Облыстық тілдерді оқыту орталығында "ҚАЗТЕСТ" жүйесі және "мемлекеттік тіл" тақырыбында екі күндік семинар өтті. Оған Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшыларының орынбасарлары, аудан-қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен әдіскерлері қатысты.
1Семинарда Ұлттық тестілеу орталығы Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының жетекшісі, "ҚАЗТЕСТ" авторы Айдос Әбдіхалықов арнайы келіп дәріс оқыды. Сондай-ақ "ҚАЗТЕСТ" жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру  деңгейін  анықтауға арналған диагностикалық және сертификаттық тестілеу жүргізудің ерекшеліктері, мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау туралы айтылды.
– "ҚАЗТЕСТ"-қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі. Бұл жүйе екі түрлі арнамен беріледі. Бірі шетел тілі ретінде тіл үйренушінің тіл меңгеру деңгейін бағаласа, енді бірі қазақ тілін екінші тіл ретінде бағалауға бағытталған. Тест құрамы тыңдалым, оқылым, жазылым, лексика-грамматикалық бөлім-дерден  тұрады.  Әрбір бөлім бойынша тапсырмалар "өте оңай тапсырмадан – күрделіге" қағидатын негізге ала отырып құрастырылған. Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде диагностикалық және сертификаттық тестілеу жүргізіліп отыр, – деді "ҚАЗТЕСТ" авторы А.Әбдіхалықов.
Облыстық семинарда қатысушылар отандық жүйеге қатысты өз ойларын ортаға салды. Іс-шараның соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Қостанай облыстық тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Гүлнар Талапованың айтуынша, бұл семинар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын кезең-кезеңмен жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Қымбат
        ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓