Асқақ ой мен армандар

IMG_2574Біздің Лисаков қаласына көшіп келгенімізге көп бола қойған жоқ, бірақ тез бауыр басып кеттім. Ол 1970 жылы салынған екен. Ертеде бұл жерде кішкене ауыл болған деседі. Ал, бүгін облысымыздың іргелі қалаларының бірі. Қалада мектеп, кітапхана,  ірі кәсіпорындар мен мекемелер, мәдениет, спорт орталығы, мұражай, демалыс саябағы, әсем сауда орындары бар.  Жол түсіп, мұражайға бара қалсаңыз қаламыздың тарихы, мәдениеті, экономикалық, әлеуметтік дамуы туралы бар мәліметке қанығасыз. Мен өзім оқитын №3 орта мектепті мақтан тұтамын. Биыл біздің мектебіміз  облыс бойынша "Орта білім беретін үздік ұйым" атағына  ие болды. Мектебімізде білімді, өнерлі, талапты оқушылар көп. Оларға білім беретін ұстаздарымыз да білікті, жан-жақты. Мектебімізде  бүгінгі заманға лайықты білім алуымызға барлық жағдай бар деп ойлаймын. Біз келесі жылғы мектеп түлектеріміз.  Ой мен асқақ армандар көп. Алар асуымыз да алда. Ең біріншісі сол, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ойдағыдай тапсырсақ дейміз. Содан кейін арман қуып еліміздің түкпір-түкпіріне жол тартарымыз сөзсіз. Бірақ  білім алған,  бауыр басқан Лисаков қаласы жүрегімнің түкпірінде болары анық. Достарымның қайсысына да болса  "қаламызды, білім алған мектебімізді, ұстаздарымызды ұмытпайық" дегім келеді.
Жаннұр ӘБДІРӘСІЛ,
жас тілші.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓