Жеңіспен оралды
Жақында Қарасу ауданы Железнодорожный ауылында ерлер мен жастар және жасөспірімдер арасында классикалық қысып және жатып көтеруден өткен облыстық біріншіліктен біздің жерлестеріміз жеңіспен оралды.
Яғни, алаң иелері, Қостанай қаласындағы "Самсон" және ҚМПИ, Рудныйдың ең үздік зілтеміршілері бақ сынасқан жарыста біздің спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, 9 сарыкөлдік өз салмақ дәрежелері бойынша да жүлделі орындарды қанжығаларына байлап қайтты.
Айталық, Марат Искаков пен Артур Яцуненко 65 келі, Райымбек Искаков 80 келі, Андрей Ступник 150 келі көтеріп, бірінші орындарды бағындырса, ал Вадим Скрипак 77.5 келі, Нұрсұлтан Байтухин 70 келі, Игорь Артемчук 90 келі нәтижесімен екінші орындарды еншілеп, сондай-ақ, Игорь Шульга 75 келі, Александр Пашинов 100 келі көрсеткіштермен үшінші тұғырға тұрақтады.
Бір айта кетерлігі, бұл команданы дайындаған көпке аты мәлім Сарыкөл балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрлан Жұмаровтай азамат. Олай болса, аты аталған жаттықтырушының еңбегі ұшан-теңіз.
Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: жеңіспен оралған спортшылар.