Елбасы туралы жаңа фильм көрермен назарына ұсынылды

Бүгін «МАРТ» сауда, ойын-сауық орталығының Арман кинотеатрында Елбасы туралы «Тығырықтан жол тапқан» атты жаңа фильм көпшілік назарына ұсынылды.
30-2Көркемтуындының сценарийі Елбасының еңбектері және әріптестері мен достарының естеліктері бойынша жазылан. Түсірілім жұмыстары Қазақстан мен Ресейде, атап айтқанда Алматы, Астана, Қарағанды, Теміртау және Мәскеу қалаларында жүргізілген. Фильмнің режиссері-Рүстем Әбдірашев.
Жаңа фильмде басты кейіпкерді, яғни Елбасының бейнесiн қазақстандық актер Нұрлан Әлiмжанов сомдады. Картинаға Валентин Гафт, Евгений Сидихин сияқты белгілі ресейлiк актерлер де түскен.
«Тығырықтан жол тапқан» толықметражды көркем фильмі- «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Балалық шағымның аспаны» (2011ж), «Теміртау», «От-өзен» (2013) фильмдерінің жалғасы. Аталмыш көркемтуындының тұсаукесері ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Елбасының қатысуымен өткен болатын.
 
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓