Жаңа жоба – жаңа мүмкіндіктер бастауы
“2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту” бағдарламасы бойынша Қостанай облысында биыл жалпы құны 559,5 млн. теңге болатын жеті жоба жүзеге асырылды. Соның ішінде 475,2 млн. теңгесі республика, ал 84,3 млн. теңгесі облыс бюджетінен бөлінген. Бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы Лисаков, Жітіқара, Рудный қалаларында тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.

Аталған жобаларды жүзеге асыру арқылы аталған өңірлерде инфрақұрылымдық жүйлерді жаңартуға, кәсіпкерлікті дамыту мен өндіріс көлемін көбейтуге зор мүмкіндіктер ашылмақ.
Қарлығаш Оспанова