Теннис орталығы 2015-те ашылады

Бүгінде облыстың кез келген аудан, қаласында спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп, оған қаражат та аз құйылып жатқан жоқ.
tennis_2013_01_03Мәселен, ағымдағы жылы аудандардағы спорт нысандарының құрылысына облыс бюджетінен 673, 4 млн. теңге бөлінген. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы В.Эпованың айтуынша, биыл Федоров селосындағы “Атлет” стадионын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Қостанай ауданындағы 190 адамға арналған спорт залы мен Сарыкөлдегі спорттық ядро іске қосылған. Сондай-ақ, 2013 жылы Қостанай қаласында теннис орталығының құрылысы басталған болатын. Жоба құны 904 млн. теңге. Аталмыш спорт кешені келер жылдың тамыз айында тапсырылатын болады.
 
Қарлығаш Оспанова

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓