83 жастағы әжей 2 күн орманда түнеген

Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында  орманға жидек теруге барып,  адасып кеткен 83 жастағы зейнеткер полиция қызметкерлерінің көмегімен  табылды. 
орманОблыстық ішкі істер департаментінің өкілі Әділбек Нұрмахиннің мәлімдеуінше,  кейуананы іздеу жұмыстары  бір жарым тәулікке созылған. Оған Ұзынкөл АІІБ жеке құрамы мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылыпты. Зейнеткердің орманға жидек теруге кетіп, қайтып оралмағанын тәртіп сақшыларына оның 56 жастағы қызы хабарлаған. Қызының айтуынша, анасы Александра Неверова үй шаруасымен өзі айналысқанды ұнататын, өмірде белсенді жан екен.
Құқық қорғаушылар оны ауылынан үш шақырым жердегі орманнан тапқан. Зейнеткер ақыл есін жоғалтпаған. Полицейлер тапқанда ол ағаш түбінде бүлдірген жеп отырыпты. 
 
Мешіт Ғазиз
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓