Партия мүшелігіне қабылданды

15712039157_5feaf7c1cf_bҚР Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында  "Нұр Отан" партиясы қоғамдық қабылдау өткізді. Салтанатты шара барысында партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның тоғыз мүшесіне жаңа үлгідегі  билеттер тапсырды.
Бауыржан Байбек партиялық билеттерді тапсыру барысында, оның зор  жауапкершілік жүктей-тінін атап өтті. Партия төрағасы: "Біздің басты міндетіміз – жүр-гізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңызын түсіндіріп, билік пен халықтың арасында тікелей байланыс орнату деген болатын", – деді ол.
Бұл күні  "Ара" сатиралық газетінің бас редакторы Көпен Әмірбек, интернационал жауынгері, Кеңес Одағының батыры Николай Кремениш, "Шалқар" ұлттық радиосының бас редакторы Серік Сейтман, Информатика  және басқару проблемалары институтының бас директоры Мақсат Қалимолдаев, "Еңбек адамы" республикалық байқауының жеңімпазы Бейбіт Сағиев, Әлем және Қазақстан чемпионы, каратэші Гузалия Гафурова, көркем гимнастика бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері Анна Алябьева, шахматтан халықаралық деңгейдегі спорт шебері Гүлмира Дәулетова сынды азаматтар партия мүшелігіне өтті. Олардың ішінде  қостанайлық жеке кәсіпкер Ольга Лопатина да бар.
Мұндай салтанатты қабылдау-лар еліміздің барлық өңірлерінде өткізіліп, партия қатарына мың шақты қазақстандық қабылданды.
Айбек
      КӘДІРҰЛЫ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓