Ризашылық – бала игілігі үшін

Балалар ерекше дайындалған. Барлығы да құлпырып, түрлі киімдерін киіп алыпты. Бірі би билесе, бірі ән айтып, шат-шадыман. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне демеушілік көрсетіп, көмек қолын созған жандарға балалар осылайша сыйлық жасады.
Ризашылық мерекесі – бұл бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы игі шара. Балалар өздерінің өмірге, бүгінгі күнге деген ризашылық сезімдерін өнерлері арқылы жеткізіп жатыр. Одан қалды қолдарынан шыққан небір бұйымдарын көрмеге қойыпты.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
СУРЕТТЕ: сахнада – бүлдіршіндер.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.