Еңбек нарығын дамытпақ

Беларусь кәсіпорындарының басшылары Қостанайда машина жасау саласында мамандар даярлауға көңіл бөліп отыр.
Қостанайдағы кездесу барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов "КУВО", "Белкарпластик" және "Минск трактор зауыты" компанияларының басшылығымен келіссөздер жүргізді.
 Компаниялар облыс аумағында машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндігін пысықтауда. Осылайша, "Белкарпластик" компаниясы Ауыл шаруашылығы техникасы үшін интерьер мен экстерьердің пластикалық бөлшектерін дайындауды ұйымдастыру мүмкін-дігін қарастыруда. Және "КУВО" басшылығы ауыл шаруашылығы техникасы үшін шыны өндіру бойынша жоба әзірлеп жатыр.
Кездесу қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы "Минск трактор зауыты" ААҚ, "Агромашхолдинг KZ" АҚ және "Сарыарқа АвтоПром" ЖШС-мен машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
Меморандумдар әріптестік қатынастарды орнатуға және ұзақ мерзімді, тиімді әріптестікті дамытуға бағытталған. Бұдан басқа, олар облыс өндірісі мен экономикасын дамытудың басым бағыттары шеңберінде Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі базасында машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығын құруды көздейді.
Бұл бірлескен қадам машина жасау саласы үшін кадрлар даярлау сапасын арттыруға, колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға, өңірдің еңбек нарығын дамытуға ықпал етпек.
– Біздің облыс түрлі бағыттарда, соның ішінде машина жасау саласында жобаларды іске асыруда әлеуетті әріптес болып табылатынын атап өткім келеді. Халық-аралық экономикалық қатынастар аясында бірігіп жұмыс істегенімізге қуаныштымыз, – деді аймақ басшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓