Үш облыс ресми түрде құрылды

Бүгін еліміздегі үш жаңа облыстың іргетасы қаланып, ресми түрде жұмысын бастады. Енді көп ұзамай жаңа облыстардың әкімдері тағайындалады, деп хабарлайды Экспресс К.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 мамыр күні Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкес, құжат 8 маусымда күшіне енді.
Жаңа облыстардың құрамы мынандай:
Абай облысы: Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары. Облыс орталығы — Семей қаласы.
Жетісу облысы: Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандары, Талдықорған және Текелі қалалары. Облыс орталығы — Талдықорған қаласы.
Ұлытау облысы: Жаңаарқа, Ұлытау аудандары, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары. Облыс орталығы — Жезқазған қаласы.
Сондай-ақ Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласына көшірілді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓