Заңға деген құрмет қашан да биік тұруы керек
Бүгінгі таңда елімізде заңдардың билігі қамтамасыз етіліп, оны сақтау басты міндетке айналып отыр. Қай салада болсын, заңдардың орындалуына қадағалау жасайтын прокуратура органдары адам құндылығын қорғау, оның конституциялық құқықтарын сақтауға ерекше назар аударады.
Қостанай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы да бұл бағытта өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруға күш салып келеді. Әсіресе, табиғат қорғау заңнамасына қатысты заң бұзушылықтарға жол бермеудің келелі міндеттерін ерекше назарда ұстайды.
Осылардың айғағы ретінде 2014 жылдың өткен мерзімінде табиғатты қорғау прокуратурасы ықпалымен табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға келтірілген залалдар бойынша 143 млн. теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды.
Біз өзімізге жүктелген жауапкершілікті жете сезініп, заңның сақталуына бар күш-жігерімізді жұмсайтын боламыз. Өйткені, заң барлығына бірдей, ал, заңға деген құрмет қашан да биік тұруы керек.
Алдағы мерейлі мереке күні барша әріптестерімізді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, оларға және отбастарына амандық тілеп, ел мүддесі жолында мерейлі қызмет ете берсін демекпіз.
Қостанай облысы мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы.