Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Мұндай ойды «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы» тақырыбындағы дәріс-таныстырылым кезінде ҚХА Қостанай облыстық филиалы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Бағатұр Дандыбаев айтты.

Дәріске студент жастармен қатар Қостанай облыстық «Янтарь» Балтық жағалауы халықтарының ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Сергей Якушевич, саясаттану ғылымының кандидаттары Жасұлан Алпысбаев пен Радик Тәжібаев қатысып, әлемде теңдесі жоқ достық ұйымының құрылу тарихы мен мақсат-мүдделерін сөз етті.

Айта кетейік, дәріс-таныстырылым 3-5 ақпан аралығында еліміздің барлық жоғары оқу орындарында өткізіліп жатыр. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының салтанатты бастау алуына орайластырылған.
Қуаныш Есқабыл