«Толерантты болу оңай ма?»
Лисаков қалалық мәдениет және спорт орталығында осындай атаумен семинар-тренинг өткізілді.
Аталған шара облыстық іскер әйелдер қауымдастығы жүзеге асырған ұлтаралық және конфессияаралық толеранттықты насихаттау жөнінде «Достық керуені» ақпараттық-насихат тобының қызметі жобасы бойынша ұйымдастырылып отыр. Семинар барысында ақын, педагог А.Суслова дінтану пәні мұғалімдерімен, психологтармен, мектептердің ұжымдарымен, студенттермен, оқушылармен әңгіме жүргізіп, ой бөлісті.
Шұға Қоңқабай