Айыппұл өндірудің машақаты көп

Өңірімізде жыл басынан бері салынған айыппұл сомасы 2,6 млрд. теңгені құрайды. Оның 1,4 млрд. теңгесі әлі өндіріліп алынбаған. Айыппұлдарды өндіріп алу мәселесі 26  қараша күні облыстық әкімдік жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған ведомствоаралық комиссияның отырысында көтерілді.
     111    – 1 қарашадан бастап сот актілерін орындау департаменті әділет министрлігімен біріктірілді. Қазіргі уақытта айыппұлдар және сот актілерін өндірудің жаңа жолдарын қарастырып жатырмыз, – деді облыстық әділет департаментінің басшысы Ербол Әбдірахманов.
         Облыс прокуроры Марат Қайбжанов айыппұл салу жүйесін сынға алды. Оның айтуынша, салық органы «Казпромсервисстрой» ЖШС 451 млн. теңге айыппұл салған. Аталған заң бұзушылық 2007 жылы анықталса да, айыппұлды салу тек үстіміздегі жылдың наурыз айында жүргізіліп отыр.
Прокурор мемлекеттік органдар арасында өзара қарым-қатынастың болмауы себебінен кейбір кедергілердің кездесетінін жеткізді:
-Облыстық прокуратура қаржы мекемесіне төленетін айыппұлдар туралы деректер беруді талап еткен. Ал сот орындаушылары олардан мәлімет алуға қол жеткізе алмады. 400 құжатты салыстыру кезінде 5 млн. теңгеден астам салынған айыппұлдардың атқару өндірісі қозғалғанға дейін төленгені анықталды.
Мәжілісте барлық мемлекеттік органдарға салынған айыппұлдарға облыс прокуроры аудан, қала әкімдеріне осы мәселені жіті бақылауға алуды ұсынды.
 
           
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓