Қабылбаевтың есімі берілді
Мемлекет және қоғам қайраткері, ішкі істер генерал-лейтенаты Шырақбек Қабылбаевтың есімі Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай академиясына берілді.
Айтулы тұлға екі рет Қазақ КСР Ішкі істер министрі болған, Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, басқа да медальдармен марапатталған. Оның өмірлік жолы – академияда білім алып жатқан әр тыңдаушыға үлгі-өнеге болары анық.