Прокурор азаматтарды қабылдады

«Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыс прокурорының орынбасары Серік Әбденов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Азаматтар негізінен қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығы бойынша шағыммен келіпті.
SAM_2569Қабылдау барысында 4 адам мұң-мұқтажын айтты. Солардың бірі – Бағытгүл Салинова. SAM_2576Он жылдан бері заң жүзінде ажырасқан күйеуінен төрт баласына алимент ала алмай жүргенін айтып арызданды. Айтуынша, басында баспанасы да жоқ. Сот орындаушыларынан көмек болмаған соң осында келдім дейді. Ал қоғамдық қабылдауға келген Вероника Пак ішкі істер органы қызметкерлері тарапынан өзінің конституциялық құқығының тапталып жүргенін айтып шағымданды: «Бір ер азаматпен танысқан едім, енді әлгі адам соңымнан қалмағанымен қоймай, ақша бопсалайтынды шығарды. Бұл жайында тәртіп сақшыларына арыздансам да, олар істі созбалаңға салып жіберді. Мені бопсалаушы жазасыз қалған соң, мен үреймен жүрмін».
SAM_2571Арызданушылардың уәждерін мұқият тыңдаған соң Серік Әбденов заң аясында түсініктер беріп, кейбір істерге байланысты жіті тексеру жүргізіп, анық-қанығын жазбаша түрде жеткізетінін айтты.
            Жыл басынан бері «Нұр Отан» партиясының өңіріміздегі филиалы 23 рет азаматтарды қабылдау өткізіпті. Осы мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан 5 483 өтініш келіп түскен. Сол өтініштердің 66% астамы оң шешімін тапты.
 
           
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓