Анатолийдің жағдайы жақсарып келеді
Бұған дейін хабарлағанымыздай облыс орталығындағы коллектордың құрылыс жұмысы барысындағы қайғылы оқиғадан аман қалған Анатолий Мишалкин бүгін аурухананың жансақтау бөлімінен жай палатаға ауыстырылмақ.

Сондай-ақ, өткен демалыс күндері Балқаш қаласынан оның туыс-туғандары да келіп жағдайын біліп кеткен. Өзі отбасымен телефон арқылы сөйлесіпті.
Қазіргі таңда Оны Қарағандыдағы ауруханаларға ауыстыру туралы әңгіме болған жоқ. Сондықтан ол Қостанайда емін жалғастыра береді.
Мешіт Ғазиз