Жаңа дүкен ел игілігіне!
Биыл ел Тәуелсіздігінің мерейтойлық жылы. Айтулы датаның құрметіне орай Қарабалық ауданында «Sulpak» тұрмыстық техника дүкені ашылды. Дүкен аудан орталығында орналасқан.
Ашылу салтанаты барынша ұйымдасқан түрде, барлық санитарлық ережелер ескеріле отырып өтті. Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А. Жиеналин арнайы қатысып, тұрғындарды жағымды жаңалықпен құттықтап, ауданның осы кезеңдегі жетістіктерін атап өтті.
Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде ел бойынша көптеген шаруалар атқарылды. Соның бәрі халықтың игілігі үшін жасалуда. Бүгінгі іс-шара да сөзімізге дәлел болмақ. Біздің ауданның халқы тұрмыстық техника сатып алу үшін бұған дейін өңірден тыс жерлерге шығып, көршілес Челябі облысына баратын. Осы қолайсыздықты жойып, тұрғындардың жайлы өмір сүрулеріне жағдай жасау мақсатында «Sulpak» тұрмыстық техника дүкені ашылуда. Бұл дүкен қалың бұқараның қажетін өтеп, көпшіліктің кәдесіне жарайды деген ойдамыз,деді ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Жиеналин.
«Sulpak» дүкенінде тауарлардың сан түрі, таңдау еркіндігі бар. Бағалары да көңілге қонымды әрі қолжетімді. Тұрмыстық техниканың озық үлгілерін, әлемдік деңгейдегі жетекші орындағы өндірушілердің аудио, видео, тұрмыстық және кеңсе жабдықтарын, фото және бейнекамералардың жаңа нұсқаларын дәл осы дүкеннен табасыз. Қолдануға ыңғайлы тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар, компьютерлер, планшеттер, сондай-ақ электроника әлеміндегі барлық заманауи гаджеттерді кезіктіресіз. Іздегеніңіздің бәрі осында.
Айтпақшы, оқырман тарапынан неліктен «Sulpak» дүкені ашылып отыр деген заңды сауал туындауы мүмкін. Бұл дүкен қолжетімді бағалары мен тиімді акциялары арқылы көпшіліктің таңдауына ие болған. Сондай-ақ қалаған тауарыңызды несиеге рәсімдеу мүмкіндігі де бар. Барлық тауарларды кепілдікпен сатып ала аласыз, үйге немесе кеңсеге жеткізуге және жабдықты орнатуға тапсырыс беру мүмкіндігі де ескерілген.
Жаңа дүкеннің ашылуына орай сатып алушыларға «7 күн супер бағалар» акциясы ұсынылды. Акция 22тамызға дейін жалғасады.
Қымбат ДОСЖАНОВА