Тобыл өңірі Тұңғыш Президент күнін атап өтті



Әзірбайжан, корей, қазақ, қырғыз мәдени орталықтарының өнер шеберлері ән айтып, би-билеп, күй тартып думанды одан сайын қыздыра түсті. Ақындар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған жырдан шашу шашса, игі шараны жүргізушілер викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауабын тапқан көрермендерді сыйлықпен марапаттады. Театр әртістері нәшіне келтіріп жыр оқып, қойылымнан үзінділер қойды.
Нұрболат Мешітбаев
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай