Тіл жанашырлары бас қосты
Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде қазақ тіліне жанашыр
жастардың қатысуымен «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты акция өтті. Оның ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары Қазымбек Ахметов қатысып, мемлекеттік тілді жетік меңгеріп қана қоймай, орыс және ағылшын тілдерін білу – табысты болашақ кепілі екенін жеткізді. Акцияны әрі қарай «Тілдарын» клубының белсенді мүшелері жалғастырып, өз ойларын ортаға салды.


Акция барысында түрлі викториналық ойындар ұйымдастырылып, белсене қатысқан бірнеше ұл-қызға сый-сыяпат жасалынды.
Қуаныш Есқабыл