Кітап көрмесінің тұсауы кесілді
Қостанай қ. Облыстық кітапхананың әдебиеттер бөлімі «Ұлы дала стилі. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан суретшілері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған кітапқа қылқалам шеберлерінің үздік деген шығармалары енген. Олардың қатарына қостанайлық суретшілер М. Соков пен Н. Торшиннің есімдері бар.