Фролов көшесіндегі оқиға жаңа деректермен толығуда

Фролов көшесінде тұратын Максим есімді тұрғын оқиға түс ауа төрттің шамасында болды дейді: «Жұмысшылар арасында абыр-сабыр басталғасын, далаға шықсам, топырақ астында адамдардың қалып қойғанын білдім. Біршама уақыттан соң құтқарушылар келді. Алдымен бір жұмысшыны алып шығып еді, оның тірі екенін естідік».Осы қайғылы оқиғаның жай-жапсарын облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Талғат Кәкімов айтып берді:
IMG_9669– 27 қараша күні сағат 16.53-те Алтынсарин-Фролов көшелерінің қиылысында төтенше оқиғаның болғаны туралы хабар алдық. Дереу оқиға орнына жеткен жедел топ тез арада куәгерлерден болған жайтты сұрап алды. 7 метр тереңдіктегі ордың ішінде бір-біріне жалғануы тиіс диаметрі 1200 мм екі құбырдың ортасында қалып қойған адамның дауысы естілді. Аяқ-қолдары қысылып қалған 35 жасар Анатолий Мишалкинді құбырды кесу құралдарының көмегімен арада бір жарым сағат өткенде алып шықтық. Дәрігерлер оны дереу ауруханаға алып кетті. Сағат 20.24-те 35 жастағы Виталий Семеновтың мүрдесі шығарылды. Ал 22.32-де 1977 жылы туған Руслан Төлегеновтің өлі денесі табылды. Үш азамат та Балқаш қаласының тұрғындары, «Балқаш трубомонтаж» ЖШС жұмысшылары.
 
Қыдырбек Қиысқанұлы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓