Бар жақсылығымыз – балаларға

   Бес жылдан бері елімізде соның ішінде  облысымызда «Ризашылық» мерекесі  жыл он екі айдың  қараша  айының соңғы күндерінде тойланады.  Міне,   осы күнге арналған іс-шараның бірі  Қостанай қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған баспанада болып өтті.
IMG_4514-Мерекенің негізгі мақсаты – балаларға  қуанышты отбасылық IMG_4535мереке сыйлау. Бір-бірін жүрек жылуымен  бөлейтін қайырымдылық  мерекесі  еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен 2009 жылдан бері   аталып келеді.   Ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған қамқөл балаларға қамқорлық, қолдау, көмек көрсеткен жомарт жандарға қашан да ризамыз. Онсыз да тағдыр тәлкегіне түскен балаларға тек жан жылуы ғана керек екенін түсінеміз. Сондықтан осындай мерекелер керек-ақ,-деді бізге  балалар мен жасөспірімдерге арналған баспананың директоры Меңсұлу Дощанова.
 IMG_4549  Мереке қарсаңында баспана үйінде суреттердің,  қолмен IMG_4553жасалған заттардың,  түрлі-түсті қағаздардан жасалған бастырмалардың көрмесі болды.
 Балалар ересектердің қамқорлығына ризашылығын білдіріп,  оларға түсті ашық хаттар, қолмен жасалған өнімдерді, суреттерді, өлеңдерді және хаттарды сыйлады. Мереке соңы шағын концертке ұласты.
Гүлназым Сағитова
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓