Көрмеде – Елбасының еңбектері
Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі онкүндік жариялап, түрлі шаралар ұйымдастырды. Алғашқы мерекелік шара Елбасының Жолдауын талдауға арналды. Н.Островский атындағы қалалық кітапханада "Ұлт басшысының сөздері мен істері" атты кітап көрмесі Тұңғыш Президент күніне арналды.
Елбасымыз елдің дамып, өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Қалың оқырман қауымға ұсынған бірнеше кітабы ұлағатқа толы. "Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуға үйретеді", – деп Елбасының өзі айтқан болатын. Көрмеден Президенттің "Халыққа арнау, Слово к народу" кітабын көруге болады. Кітапқа тәуелсіз мемлекетті қалыптастырған тұлғаның сөйлеген сөздері мен сұхбаттары енген. Оқырман Қазақстанның дамуы мен жетістіктеріне қаныға алады.
Сондай-ақ, "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" очерктер жинағы, "Ғасырлар тоғысында", "Тарих толқынында", "Әділеттің ақ жолы", "Өзекжарды ойлар" атты еңбектері де жинақталған.
Көрменің мақсаты тәуелсіз еліміздің қалыптасуының тарихи мәліметтерін, Қазақстан Президенті – Елбасының саяси өмірінің тарихын ашу және өскелең ұрпақтың бойындағы пат-риотизмді дамыту болып табылады.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Суретте: кітап көрмесінде.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.