1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні
Қымбатты қостанайлықтар!
1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық дауыс беру барысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сайланды.
Осы тарихи сәттен бастап қазақстандық халықтың мемлекеттік сәйкестіктігінің маңызды кезеңін білдіретін президенттік институт бекітілді. Тұңғыш Президенттің – Ұлт көшбасшысының мәртебесі заңды түрде 2000 жылы конституциялық Заңмен бекітілді.
Біздің Тәуелсіздігіміз жылдарында, Мемлекет басшысының конституциялық құрылыстың, мемлекеттіліктің дамуының, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау кепілі болып табылатындығы туралы постулат баянды бола түсті.
Бұл еліміздегі мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асырудың, бизнес-қауымдастығын жан-жақты қолдаудың, тартымды инвестициялық ахуал жасаудың арқасында салынған берік экономикалық іргетаспен қуатталды.
Президенттің, Нұрсұлтан Әбішұлының саяси жігер- лілігі, біздің халқымыздың еңбексүйгіштігі арқасында өркендеуші, тұрақты, демократиялық мемлекет туралы батыл армандар бүгінде қазақстандық ақиқатқа айналды.
Мемлекет басшысының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауы елдің қаржы-экономикалық игілігі, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету үшін кеңістікті кеңейтеді.
Экономикалық мәселелерді шеше отырып, біздің Тұңғыш Президентіміз қоғамда бей-бітшілік пен келісімді сақтауға айрықша назар аударады. Этникааралық және конфессияаралық бірліктің қазақстандық моделінде біріктіретін "Бір ел – бір тағдыр" қағидаты салынған.
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын!
Отбасылық құт-береке, мықты денсаулық және бақыт тілеймін. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы дами, нығая және өркендей берсін!
Қостанай облысының әкімі Н. Садуақасов.