Тұңғыш президент күні аталып өтті
Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мәжіліс өтті.


Бұл мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қоғам қайраткерлігі, шығармашылығы сөз болды. Президентіміздің сөзіне жазылған әндер орындалды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның қиын-қыстау кездерінде елін, мемлекетін тығырықтан алып шыққан мемлекет басшысының сындарлы саясаты әңгімеленді. Жиналған жұрт күні кешегі жарияланған Жолдауды да талқылап, оқушылар қауымына патриоттық тәрбие тұрғысынан келелі кеңес айтты.
Нұрболат Мешітбаев
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков