Елімізде 25-28 жас аралығындағы отбасылар жиі ажырасады

Жастар арасында ажырасуға бел буатындардың денін 25-28 жастағы жігіттер мен қыздар құрайды. 2013 жылы олардың 19 мыңы заңды некелерін бұзған. Ресми мәліметтерге сәйкес, ажырасқандардың көшін Астана, Алматы қалалары және Ақмола мен Қарағанды облыстары бастайды. Бұл туралы «Қазақстан жастары-2014» ұлттық баяндамасының таныстырылымында белгілі болды деп хабарлайды Today.Kz
АЖырасу1Еліміздегі жастардың ахуалын сараптап, келешекке бағдарды түзетін Ұлттық баяндама екінші мәрте жарық көрмек. Алғашқысы өткен жылы қалың көпшілікке жол тартқан болатын. Бүгінде көкейтесті мәселелердің бірі саналатын жастар субмәдениеті деген тақырыппен толықтырылған биылғы зерттеу жұмысы 8 тараудан тұрады. Олардың әрқайсысы бойынша жан-жақты талдау жүргізіліп, түйткілдің түйінін тарқатудың жолдары да көрсетіледі. Биылғы құжаттың бір ерекшелігі – шетелдік тәжірибе кеңінен сараланып, жастар саясатының тиімділігі таразыланған.
«Бүгінгі таңда қазақстандықтардың 25 пайызын жастар құрайды. Ауылда түтін түтететін өскелең ұрпақтың саны қаладағы қатарластарына қарағанда сәл төмен. Биылғы жылдың екінші тоқсанындағы мәліметтер бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 4,6 пайызды құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың қатары 30 пайызға жеткен. Бір қызығы, жас буынның 70 пайыздан астамы аптасына 30-40 сағат жұмыс істейді. Бұл ересектер еңсеретін көрсеткішке тең», – дейді «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Боқанова.
Оның атап өтуінше, биыл «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастардың тыныс-тіршілігін анықтау мақсатында келелі 12 тақырыпта әлеуметтік зерттеу жүргізген.
 
Мешіт Ғазиз

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓