Театрлар фестивалі басталды

Бүгін Қостанайда Қазақстан ұлттық (этникалық) театрларының V Республикалық  фестивалінің салтанатты ашылуы болды. 20-23 тамыз аралығында өтетін өнер мерекесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Биылғы шара даңқты жерлесіміз, театр және кино өнерінің саңлағы, Қазақ КСР Халық әртісі Елубай Өмірзақовтың 120 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенін айта кетейік.
DSC_1878
Фестивальге Шымкент қалалық өзбек драма театры,  Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театры, Құдыс Қожамияров атындағы  республикалық мемлекеттік академиялық  ұйғыр музыкалық комедия театры, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Қостанай облыстық орыс драма театрлары қатысуда. Өнер ұжымдары І.Омаров атындағы қарашаңырағы алдында төселген қызыл кілем үстінде жүріп өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кинематография және театр басқарқамасының бас сарапшысы Гүлнафис Мырзашева министр Ақтоты Райымқұлованың құттықтау лебізін жеткізді.
DSC_1881
«Бұл елімізде Қазақстан Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өткізілетін және оның аясында қазақ, орыс, корей, ұйғыр, неміс, өзбек тілдері сияқты алты тілде ұсынылатын Қазақстан ұлттық этникалық театрларының ең үздік қойылымдарын көруге болатын жалғыз театр фестивалі. Фестивальдің Қостанайда, әртүрлі ұлт өкілдері тұратын осы даңқты қаланың 140 жылдығын мерекелеу кезінде өтуінің символдық маңызы бар. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттерге орай бұл іс-шара ерекше мәнге ие» делінген Министрдің құттықтауында.
DSC_1907
Фестиваль бағдарламасы төрт күнге әзірленген. Қазылар алқасының төрағасы – Еркін Жуасбек, қазылар алқасының мүшелері – Михаил Токарев, Анар Еркебай, Сайлау Қамиев.
20 тамызда Мемлекеттік республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының труппасы «Махаббат туралы Поэма» (Қозы Көрпеш – Баян Сұлу) спектакль-эпосы және Қостанай облыстық орыс драма театрының труппасы «Панночка» мистикалық мелодрамасын ұсынады. Өтетін орны – Қостанай облыстық орыс драма театры, Баймағамбетов көшесі, 191.
21 тамызда көрермен алдында Шымкент қалалық Өзбек драма театры «Қасқыр ұлыған түн» драмасы және І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының әртістері «Үйлену» драмасымен өнер көрсетеді. Өтетін орны – І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры, Тәуелсіздік көшесі, 144.
22 тамызда К.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының ұжымы «Апат» музыкалық пластикалық спектаклін ұсынады. Өтетін орны – Қостанай облыстық орыс драма театры, Баймағамбетов көшесі, 191.
23 тамызда сағат 10:00-де Жастар сарайында фестивальдің салтанатты жабылуы, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі.
Қостанай қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қойылымдарын Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры мен Қостанай облыстық орыс драма театры  сахналарынан тегін тамашалай алады.
DSC_1883 DSC_1918 DSC_1937 DSC_1948 DSC_2003 DSC_2041

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓