Толеранттық – татулықтың тұтқасы

Іскер әйелдер қауымдастығы Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен М.Дулатов атындағы инженерлік-экономикалық университетінің мәжіліс залында «Этникаралық келісім – қазақстандық толеранттықтың негізі» тақырыбында өңірлік семинар-тренинг болып өтті.  Оған аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімінің басшылары қатысты.
SAM_2552Басқосудың пленарлық мәжілісін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов ашып, жүргізіп отырды. «Еліміздің келешегі жастардың қолында. Әр уақыттың, кезеңнің өз талабы бар. Сол талапқа орай не істеуіміз керек деген сұрақ та алдымызда тұр. Міне, осындай өзекті сауалдар төңірегінде ой қаузаймыз», – деді Ж.Мақанов.
«Ұлттар мен ұлыстарды бір-бірімен жақындастыру, мәдениеттердің алмасуы, бірін-бірі сыйлау, сыйластық – түсініспеушілікті жоюдың шешімі. Бұл – қазақстандық үлгі» деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақанов.
Астана қаласынан келіп дәріс оқыған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Евразиялық зерттеу» кафедрасының профессоры Зиябек Қабылдинов былай деді: «Қазақстан халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылды. Біздің еліміз көпұлтты мемлекет. Ассамблеяның атқарып жатқан жұмысы, ішкі сарабдал және сыртқы көпвекторлы саясаттың нәтижесінде көпұлтты Қазақстан дамып келеді. Бұл жиынның да көздегені – осы. Көпұлтты Қазақстан әрі қарай да осы бағыттан таймауы керек».
«2005 жылы өңірімізде іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Содан бері қоғамда орын алып жатқан түрлі мәселелерге үн қосып келеді. Қыз-келіншектердің саясаттағы рөлі және бизнес, жергілікті өзін-өзі басқару тақырыбында жұмыстар атқардық. Жалпы толеранттық дегеніміз не? Оны кім қалай түсініп жүр? Елбасы өткен жылы  Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясында: «Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары. Оларды біз нығайтып, қорғап, барлық буындарды тәрбиелейтін боламыз» деп бекер айтқан жоқ. Бүгінгі таңда, жастардың тәртіпті әрі белсенді, оташыл болып өсуіне де баса назар аударылып, оқушылар мен студенттер  арасында толеранттықты, татулықты насихаттау мақсатында түрлі тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, кездесулер, пікірсайыстар өтуде. «Этникааралық және конфессияаралық толеранттылықты үгітеу мақсатында облысымызда «Достық керуені» ақпараттық-насихат тобы құрылды. Осы тақырыпты насихаттау мақсатында өңіріміздің бірқатар аудандарында болдық. Бүгінде атқарылған ауқымды жұмысты қорытындылап отырмыз. Сондықтан мынадай алмағайып заманда көп ұлтты, әрі тату тұратын Қазақстанның тәжірибесі өте маңызды» деп ағынан жарылды істер әйелдер қауымдастығы Қостанай филиалының төрайымы Динара Өтебаева.
Шара барысында қатысушылар М.Дулатов атындағы инженерлік-экономикалық университетіндегі ашылғанына көп бола қоймаған Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасымен танысып, шеберлік сыныптарымен, өзара тәжірибе алмасуымен жалғасты.
 
Шұға Қоңқабай

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓