Қарабас батыр

0P4B1404Ата-бабаларымыз даңққа бөленіп, байлыққа кенелмесе де, ел басына түскен қиындықтарға қасқая қарсы тұрып, ежелгі салт-дәстүрмен, көшпелі қазақтардың ұғымында шүйгін жайылым, малымен ауқатты ғұмыр кешкен екен. Қарабас бабамызда Ақшығанақ маңындағы Қарсақбасы төбесін мекен еткен көрінеді.
Тосын даласында шапқыншылық уақыттарда Қарабас батырдың қарауыл төбесі болған Қарсақбасы төбесіне ескерткіші қойылып, ашылу салтанаты өтті. Осы жерге арнайы Алматы қаласынан дайындап әкелінген батырдың сегіз қанатты киіз үйі тігіліп, шаңырағы көтерілді. Бабаға арналған ескерткішті қоюға алыстан арнайы келген қонақтармен қатар, ұрпақтары да болды: Асқарбек Кенжеғарин – Жанкелдин ауданы әкімі, Ғалым Байназаров – ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы, Кеңесбек Мәулетов – банк саласының ардагері, Тоқмырза Нұртазаұлы – жазушы, ардагер ұстаз, Бек Жүсіпов – кәсіпкер, зейнеткер, Серік Тұрғынбекұлы – ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Алдаберген Ибрагим-ұлы – өңірден шыққан тұңғыш полковник, Қуантай Шынтеміров – заңгер, әділет саласының ардагері, Саду Шайкенұлы – құрылыс саласы ардагері, Шыңғыс Жүсіпов – облыстық көз ауруханасының бас дәрігері, Оразғали Зейнелұлы – "Бестөбе" ЖШС-нің директоры, т.б.
Қарабас бабаға ескерткіш қоюшылар  – батырдың ұрпақтары, ауылға әкеліп ескерткішті орнату жұмыстарын жүргізуші, әрі ат жарыс ұйымдастырып, бәйгеге "Нива" автокөлігін тігушілер Бек, Шыңғыс, Оразғали Жүсіповтер болса, олардың    достары да жомарттық танытып  "Лада Калина" жеңіл автокөлігін жүлдеге қойды.
Ат жарысқа Астана қаласы, Ақтөбе қаласы, Темір, Әйтеке би, Алға, Шалқар аудандарынан, Қостанай қаласы, Таран ауданы, Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы, Бейнеу, Жосалы, Торғай, Көкалат, Шилі, Шеген, Ақшығанақ,  тіпті Ресейдің Магнитогорск қаласынан келген сәйгүліктер қатысты. Нәтиже-сінде "Тай" бәйге, "Тоқ" бәйге, "Аламан" бәйге өтіп, жеңімпаздар су жаңа автокөліктеріне мініп кетті.
Осындай мәдени – көпшілік іс-шаралардың барлығының басында жүріп, ұйымдастырған Ақшығанақ ауылы әкімі Бақытжан Торбаев пен ауыл тұрғындарының да еңбегін айтпасқа болмас.
Торғай атырабын мекендеген елдің атақты батыры, кемеңгер қолбасшыларының бірі, артына мәңгі жасайтын батырлық, ерлік істер қалдырған Қарабас бабамызға орнатқан ескерткіші Қарсақбасы елді мекенінің тарихын қайта жаңғыртып, жаңа кеңіс-тікке ерекше сипат беріп, айбынын асқақтатып тұрғандай…
Торғай өлкесін өз халқына құтты мекен, келушілерге көз тартар рухани тарихи қазынасы мол, туристік тарапта өз орны бар осындай сәулетті ескерт-кіштерімен тартымды, қызықты дамыған өлкеге айналдыру міндеті тұр. Бүгінгі шара осы ұлы мақсатты жолдағы тағы бір кішігірім қадам, даму нышаны деп түсінеміз. Осындай ұлағатты істеріміз әрқашан жалғасын тауып, келер ұрпаққа да аманат болып қалғай.
Гүлім ЫСМАҒҰЛ.
Жанкелдин ауданы.
СУРЕТТЕ: баба ескерткіші басында.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓