“Кедергісіз келешек”

Міне, осындай атпен "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру жағдайын жақсартуға арналған  жоба бастап отыр.
– Сондықтан  партия өкілдері  бұл жобаның аясында білім беру нысандарының мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруіне, тұрып-жүруіне қолайлылығын тексеру мақсатында  рейд ұйымдастырды. Осы жоба төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.  Біріншісі, мүмкіндігі шектеулі жандарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету. Бүгінде мәліметке жүгінсек, республикамызда  жұмыс істеуге қабілеттілігі бар  400 мыңға жуық жан бар екен, олардың тек 51 мыңы ғана  жұмыс істейді.  Екіншісі, партия осы жандарға кедергісіз келешек жағдайын жасау мақсатында  нысандардың қолжетімділік картасын жасап отыр. Неге десеңіз, әлі де болса  көптеген  әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымдар бұл жандардың жүріп-тұруларына қолайлы емес. Үшіншісі, қоғам мен бизнестің осы мәселеге назарын аудару, хабардар ету. Төртіншісі, мүмкіндігі шек-теулі жандардың құқықтары үшін тиімді құқықтық жағдай жасау,– деді бізге "Нұр Отан" пар-тиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы Инеш Әбілдинова.
Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін бар жағдаймен танысу рейдімен партия өкілдері Қостанай қаласындағы №14 негізгі мектепке барды. Қатысушылар мектепте пандус, ыңғайлы шығар есіктің бар-жоғын тексеріп, мүгедек балаларды оқыту жағдайымен танысты. Мектепте 400 бала білім алады, олардың қатарында денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалар да  білім алады. Мектеп директоры Владимир Михайленконың айтуынша, мұндай оқушылардың саны 10, олардың 8-і үйлерінде оқиды. Мектептің шығар есігін қайта жасау және 2017 жылы кезек бойынша күрделі жөндеу жоспарланыпты. Оқушы  мүгедек балалардың білім алуларына педагогтар тарапынан барлық мүмкіндік жасалуда.
– Күрделі жөндеу мерзімінен бұрын 2015 жылы жасалуы да мүмкін деп сенемін, – дейді мектеп директоры.
Партиялықтар осы мектептің 3 сыныбында оқитын мүгедек-оқушы Жанель Жалмұхамедованың үйіне  барды. Жанель  "Наурыз" шағын ауданындағы № 4 үйдің 64 пәтерінде ата-анасымен тұрып жатыр. Бұл тұрғын үйлерде пандус жоқ. Жанельдің анасы Светлана Жалмұхамедова қызының білім алуы үшін жақсы жағдай жасалғанын айтты. Рейдті ұйымдастырушылар "Нұр Отан" партиясының сайлауалды тұғырнамасында кедергісіз білім беру жағдайлары қарастырыл-ған мектептердің үлесі 2017  жылға қарай республикадағы жалпы мектептер санының 30 пайызын құрайтынындығын,  мүгедек балалар үшін бар мүмкіндіктер жүзеге асырылатындықтарын жеткізді.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓