Зейнетақы мен жәрдемақы: Енді кім қанша алады?

Мемлекет басшысы 2013 жылғы 7 маусымдағы зейнет-ақы мәселелері бойынша Қазақстан халқына Үндеуінде Үкіметке жұмыс істейтін әйелдер үшін олардың босану жә-не бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңіне мемлекет есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналарын төлеу-ді қамтамасыз ету мәселелерін тапсырды. Аталған тапсырманы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгеріс-тер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 156-V Заңымен Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап бала бір жасқа толған-ға дейін оның күтімі бойынша демалыстағы әйелдердің міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді көздейтін норма әйелдердің балалардың күтімі бойынша демалыстарда болу кезеңдерінде олардың зейнет-ақы жинақтарының көлемін арттыруды қамтамасыз етеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Қазақстан халқына Жолдауында: "…Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. …Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз", – деген еді және Үкіметке мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақылардың мөлшерін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырды.
2015 жылдың 1 шілдесінен бастап:
Бірінші топ мүгедектері 2013 жылы 25378 теңге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алған  болса, олардың  жәр-демақыларының мөлшері 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 38028 теңгеге дөйін кетеріледі.
Екінші топ мүгедектері 2013 жылы 19780 теңге мөлшерінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алған болса, 2015 жылдың екінші жартысынан бастап олардың жәрдемақыларының мөлшері 29696 теңгеге дейін кетеріледі.
Үшінші топтағы мүгедектердің жәрдемақы мөлшері былтырғы жылы 13086 теңге болса, 2015 жылдың екінші жартысынан бастап олар 20937 теңге алатын болады.
16 жасқа дейінгі мүгедек балалар былтыр 18660 теңге мөлшерінде мемлекеттік әлеу-меттік жәрдемақы алған болса, 2015 жылдың екінші жартысынан бастап олардың жәрдемақыларының мөлшері 27987 теңгеге дейін көтеріледі.
Соғыс  мүгедектері  мен оларға теңестірілгендерге берілетін жәрдемақы (мүгедектік тобы мен  себебіне байланысты) 13809-39000 теңгеден 20937-58537 теңгеге дейін арт-тырылады.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік  әлеуметтік  жәр-демақы былай болады:
асырауындағы бір адамға мөлшері 12316 теңгеден 18373 теңгеге дейін,
асырауындағы екі адамға 21273 теңгеден 31832 теңгеге дейін,
асырауындағы үш адамға 26311 теңгеден 39523 теңгеге дейін,
асырауындағы төрт адамға 27990 теңгеден 41873 теңгеге дейін,
асырауындағы бес адамға 28923 теңгеден 43369 теңгеге дейін,
алты  және  одан  да  көп адамға 30043 теңгеден 45078 теңгеге дейін арттырылады.
Сәйкесінше, тұлдыр жетімдерге, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін жәрдемақылардың да мөлшерлері арттырылады.
2014 жылдың 1 сәуірінен бастап:
1 топ мүгедектігі бойынша – 28352 теңге,
2 топ мүгедектігі бойынша – 22163 теңге,
3 топ мүгедектігі бойынша 15574 теңгені құрайды.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:
асырауындағы бір адамға – 13777 теңгеге дейін,
асырауындағы екі адамға – 23760 теңгеге,
асырауындағы үш адамға –29550 теңгеге,
асырауындағы төрт адамға –31347 теңгеге,
асырауындағы бес адамға – 32345 теңгеге,
асырауындағы алты немесе одан да көп балаларға 33743теңгеге дейін өсіп отыр.
Еңбек жағдайлары зиянды және ерекше ауыр жұмыстармен айналысатын адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылардың көлемі 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қосымша арттыруды қосқанда №1 тізім бойынша – 17 451 теңгені, №2 тізім бойынша 15 512 теңгені құрайды.
Балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшерлері де 12 пайызға дейін арттырылады. Бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшерлері: бірінші, екінші, үшінші балаға 58172 теңгеге дейін (өткен жылы ол 51930 теңге болды), төртінші және одан да көп балаға 96953 теңгеге дейін арттырылады (өткен жылы ол 86550 теңге болған).
 
 

You may also like...

3 Responses

  1. Жаркынай айтты:

    Мен екинши топ мугедегимин неге 2015тин шилдесинде мугедектердин жардемакысы 25 пайызга оседи деп неге косылмады

  2. Қолқоюсыз айтты:

    Карттарга келесй аргы айга зейнет акы берйлеме

  3. Қолқоюсыз айтты:

    Зейнеткер карттарга келесй аргы айга зейнет акы берйлеме

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓