Балалықтың ашық аспаны

нагул апайБүгінгі дамыған заманды біз зорлық-зомбылықсыз елестете алар емеспіз. Бұл біздің осал тұсымыз болар. Әсіресе, балғындар жапа шегіп, тап-таза көңілдеріне қаяу түсетін шақтарды көп естиміз. Осының алдын алу үшін гимназиямызда "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" атты акция бастау алды.
Апталық барысында балалардың құқығы түсіндіріліп, баланың ең бір тәтті кезеңіне көлеңке түсірмей өткізу жайы көзделген. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, көбіне қайда болатынын білесіз бе, отбасында орын алады. Өкінішке қарай, балаға жекіп, ұрып-соғуды тәрбие деп түсінетін ата-аналар баршылық. Бұл ащы шындық болса да бүгінде үйреншікті дүниеге айналып бара жатқандай. Әр адам баласы үшін отбасы, ошақ қасы жүрегіңнен орын алар ыстық ұяң, шағын ғана Отаның. Бірақ, бала   үшін үй ең қауіпсіз жер бола бермейтінін жиі кездесетін фактілер арқылы естіп қалып жатамыз. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы біздің елде де орын алған. Өкініштісі біздер маңызды мәселенің тереңдігі мен маңыздылығына жіті көңіл бөле бермейтіні-мізде.  Бала – бауыр етіміз, болашағымыз. Және қорғансыз нәзік жүректерімен айналасындағы-ларға сенгіш келеді. Сондықтан педагог ретінде балаларға күш көрсетілуі ешкімнің де назарынан тыс қалмаса екен деймін.
Қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, қорғау жұмыс түрлерін ұйымдастыру мақсатында мектепте оқушылардың, ата-аналардың қатысуымен "Зорлықсыз өмірді қалай құруға болады?" тақырыбында эссе сайысы,  ата-аналарға арналған семинар-тренингтер және де түрлі спорттық ойындар, кездесулер ұйымдастырмақпыз. Келешегіміз үшін маңызды мақсатты көздеген шарамыздың берері мол деп ойлаймын.
Назгүл Тоқаева,
С.Мәуленов атындағы гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓