Ел болашағының ережесі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Қазақстан халқына Жолдауы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында жалпыинституттық жиналыста талқыланды.
– Бүгінгі таңда Жолдауды орындау үшін ауқымды да кең құжаттар дайындалуда. Президент өз сөзінде "Біз Жалпы ұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан  таусылмас қуат көзі" деген болатын. Сондықтан, Жолдауда айқындалған тапсырмаларды орындауға бір кісідей атсалысуымыз қажет, – деді жиынды ашқан институт ректоры, география ғылымдарының докторы Сейітбек Қуанышбаев.
Жолдауды талдау барысында институт ректорының кеңесшісі Қ.Ағуанов баяндама жасап, "Нұр-Отан" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Хамзин, институттың тарих және өнер факультетінің деканы Г.Конкина, халықаралық байланыс және ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы С.Шакенова, тарих және өнер факультетінің студенті А.Дроновалар жарыссөзге шықты.
Жиналысқа проректорлар, декандар, институттың ғылыми-оқытушылар құрамы мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓